×
518.97
607.3
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.97
607.3
6.64

Қазақстанда баспаналар өтпей жатса да баға түспей тұр

Бүгін, 09:00
Қазақстанда баспаналар өтпей жатса да баға түспей тұр
Ашық дереккөзден

Қазақстанда тұрғын үй саудасы азайғанымен, жылжымайтын мүлік бағасы тұрақты түрде өсіп келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СТАТИСТИКА

Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, 2025 жылдың маусымында елде 33,2 мың тұрғын үй сатып алу-сату мәмілесі тіркелген. Бұл мамыр айымен салыстырғанда 2,1%-ға аз. Оның ішінде пәтерлер негізгі үлесті құрады - 25,4 мың мәміле. Жеке тұрғын үйлерге 7,8 мың меншік құқығының ауысуы тіркелген.

Белсенділік бойынша көш бастап тұрған өңірлер - Алматы (6628 мәміле), Астана (6072) және Қарағанды облысы (2392). Ең төмен көрсеткіш Ұлытау өңірінде, небәрі 282 мәміле. Пәтерлер арасында ең көп сұранысқа бір бөлмелі үйлер ие: маусым айында олар 10 мыңға жуық рет сатылған. Жалпы мәмілелердің 76,4%-ы пәтерлерге тиесілі болғанымен, дәл осы сегментте айтарлықтай төмендеу байқалған, бір айда 3,1%-ға азайып, 812 мәміле қысқарған.

ПӘТЕР САТУ

Пәтер сату бойынша көшбасшы - Алматы (24%), одан кейін Астана (23,4%) және Қарағанды облысы (7,7%). Ал жеке үйлерге қызығушылық сәл де болса артқан, бір айда 1,3%-ға өскен. Әсіресе, Павлодар (+20,1%), Жетісу (+19,4%) және Ақтөбе (+13,2%) облыстарында айтарлықтай өсім байқалды.

Сатып алушылардың белсенділігі төмендегеніне қарамастан, тұрғын үй бағасы өсуін жалғастыруда. 2024 жылғы маусыммен салыстырғанда, жаңа үйлердің бағасы 9,5%-ға, қайталама нарықтағы үйлер 6,7%-ға, жалға беру құны 9,4%-ға артқан. Қысқа мерзімді динамика бойынша да өсім бар: маусымда мамырға қарағанда бастапқы нарықтағы баға 1,1%-ға, қайталама нарықтағысы 0,9%-ға, жалға алу бағасы 0,3%-ға өскен.

Серіктес жаңалықтары