×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Болгарияда ұсталған қазақстандық оған өз елінде қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді

11.07.2025, 08:39
Болгарияда ұсталған қазақстандық оған өз елінде қауіп төніп тұрғанын мәлімдеді
Фото: Haskovo Info

Болгарияда жалған төлқұжатпен ұсталған Ержан Ниязов Қазақстанның айыптарын жоққа шығарып, экстрадицияламауды сұрап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

БОЛГАРИЯДА СОТ ӨТТІ

9 шілде күні Болгарияның Хасково қаласында Қазақстан азаматы Ержан Ниязовтың ісі бойынша сот отырысы өтті. Ол бұған дейін Варна әуежайында жалған польшалық төлқұжатпен елге кіруге әрекеттенген кезде ұсталған болатын. Сот оны белгісіз мерзімге қамауда ұстау жөнінде шешім шығарды.

ҚАЗАҚСТАН ЭКСТРАДИЦИЯЛАУДЫ ТАЛАП ЕТТІ

Қазақстан тарапы Ниязовты экстрадициялауды сұрап отыр. Өйткені 2022 жылдың наурыз айында Алматы соты оны қамауға алу туралы шешім қабылдаған. Болгариялық БАҚ таратқан ақпаратқа сәйкес, Ниязовқа Қазақстанда бірқатар ауыр айып тағылған:

  • қаруды заңсыз сақтау,
  • жаппай тәртіпсіздікке қатысу,
  • билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету.

Аталған айыптар 2022 жылғы Қаңтар оқиғасынан кейін қозғалған.

ЕРЖАН НИЯЗОВТЫҢ ӨЗІ НЕ ДЕЙДІ

Ниязов өзіне тағылған барлық айыпты жоққа шығарды. Оның айтуынша, қылмыстық іс толығымен қолдан жасалған. Ол экстрадицияланған жағдайда өміріне қауіп төніп тұрғанын айтып, Болгариядан Қазақстанға жібермеуді сұрап отыр.

Серіктес жаңалықтары