×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

«Жабайы Арман» бандасының тағы бір мүшесі Қазақстанға экстадицияланды

11.07.2025, 10:09
«Жабайы Арман» бандасының тағы бір мүшесі Қазақстанға экстадицияланды
Скриншот

Бас прокуратура «Жабайы Арман» лақап атымен танымал Арман Жұмагелдиевтің сыбайласын Біріккен Араб Әмірліктерінен экстадициялағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бас прокуратура мәліметінше, ұсталған азамат 2022 жылы 5-7 қаңтар күндері Арман Жұмагелдиевтің тобымен бірге Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктерге белсенді қатысқан деген күдікке іліккен.  

– Қылмыстар жасалғаннан кейін күдікті жасырынған және шамамен үш жыл бойы халықаралық іздеуде болған, кейіннен Біріккен Араб Әмірліктері аумағында ұсталған.Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласындағы тергеу изоляторына қамалды. Оған тағылған қылмыстар бойынша он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы көзделген, – делінген бас прокуратура таратқан ақпаратта.

ҚАҢТАР ОҚИҒАСЫ ЖӘНЕ СОТ ҮКІМІ

2025 жылы 27 қаңтарда Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде «адам ұрлау», «билігін асыра пайдалану», «жаппай тәртіпсіздікке қатысу» баптары бойынша айыпталған Арман Жұмагелдиев, Руслан Ысқақ, Қайрат Құдайберген және өзге 41 адамды соттаған.

Сот Арман Жұмагелдиевке – 20 жыл, Алматы қалалық мәслихатының бұрынғы депутаты Қайрат Құдайбергенге – 8 жыл түрме жазасын кесті.

Осы іс бойынша айып тағылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің 5-департаментінің бұрынғы бастығы Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға түрмеге қамалды.

Құдайберген мен Ысқақов мемлекеттік қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот бұл үшеуінен өзге, осы іс бойынша айып тағылған 41 адамның барлығын кінәлі деп танып, оларға 1 жыл 3 айдан 15 жылға дейінгі мерзімге бас еркіндігінен айыру жазасын кесті. Олардың арасында қаржы полициясының бұрынғы агенті Талғат Махатов, журналист Бердах Бердімұрат та бар. Бердімұрат 7 жыл мерзімге бас еркіндігінен айырылды.

ЖАБЫҚ СОТ ЖӘНЕ САМАТ ӘБІШКЕ ҚАТЫСТЫ МӘЛІМДЕМЕ

Сот процесі басталғанда айыпкер Руслан Ысқақов бұл іске ҰҚК басшысының бұрынғы бірінші орыбасары Самат Әбіштің де қатысы бар деп мәлімдеген соң, 2023 жылдың қыркүйек айында процесс жабық режимге ауыстырылған. Самат Әбіш – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі.

Қаңтар оқиғасы кезінде ҰҚК төрағасының орынбасары болған Самат Әбіш бұл сот процесі басталғанда қызметінен әлдеқашан кеткен. Ол ҰҚК басшылығынан бостандықта қалған жалғыз адам болды. ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов пен оның Әбіштен басқа орынбасарлары төңкеріс ұйымдастырмақ болды және билікті асыра пайдаланды деп айыпталып, 3 жылдан 18 жылға дейін түрме жазасына кесілген.

Кейін Самат Әбішке де Қаңтар кезінде "билікті асыра пайдаланды" деген айып тағылды. Өткен жылдың наурыз айында оған 8 жыл шартты жаза кескені белгілі болды.

Әбіштің қанды оқиғада қандай рөл ойнағаны әлі түсініксіз: оны да жабық сотта соттаған, бұған істе мемлекеттік құпияның болуы себеп болған.

 

Серіктес жаңалықтары