13 шілде күні Астананың Орталық саябағында ауқымды спорттық шара — ASTANA TRIATHLON half турнирі өтеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
МӘН-ЖАЙ
Іс-шараға байланысты қаладағы бірқатар көшеде, әсіресе велосипед кезеңі өтетін аймақта, көлік қозғалысы уақытша шектеледі.
МАРШРУТ
Велосипед кезеңі Орталық саябақта (Орталық жағажай маңы) басталады. Одан әрі қатысушылар Тұран даңғылына шығып, көпір астымен солға бұрылады, Тұран даңғылымен Қорғалжың тас жолына дейін (оң жақ жолақпен) қозғалады. Кейін Қорғалжың тас жолымен оңға бұрылып, айналма жолға дейін (оң жақ бетімен) барады. Онда солға бұрылып, қарсы бағыттағы жолмен қозғалады. Одан кейін Қорғалжың тас жолынан Қосшы (Қарқаралы) тас жолына дейінгі аралықта үш айналым жасалады (сол жақ бетімен). Айналымдар аяқталған соң, қайта Қорғалжың тас жолына түсіп, Ильин жақ бетіндегі веложолға кіреді. Мәре — велопрокат тұрағында.
Айта кетейік, жүгіру кезеңі веложол аумағында өтеді.