×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Шардара су қоймасының жағалауы қоқысқа толы: демалушылар шағымданып жатыр

13.07.2025, 13:00
Шардара су қоймасының жағалауы қоқысқа толы: демалушылар шағымданып жатыр
Видеодан алынған кадр

Түркістан облысындағы Шардара су қоймасының жағалауының жағдайына қатысты әлеуметтік желілерде тұрғындар наразылық білдіріп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Куәгерлер Шардара су қоймасының қазіргі күйін баяндап, бұл мәселеге шенеуніктердің назарын аударуға шақырды. Олар президент сынынан кейін Алакөлде қолға алынған шаралар сияқты мұнда да нақты қадамдар қажет екенін айтып отыр.

Демалушылардың сөзінше, мұнда оларды абаттандырылған жағажай емес, қоқыс қарсы алады және ең қарапайым жағдайлар жасалмаған.

— Лас, қоқыс, антисанитария. Қоқыс жәшіктері жоқ. Дәретханалар да жоқ сияқты. Салдарынан суға түсу үшін жағалауда қалқып жүрген қоқыстың арасынан өту керек. Бұл жерде демалушылар да, басқарушылар да кінәлі, — делінген видеодағы пікірлерде.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 10 шілдеде президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке туристік бағыттарды ретке келтіруді тапсырған болатын. Ол азаматтардан түскен көп шағымға байланысты Алакөл жағалауының демалушыларды қабылдауға дайын емес екенін сынап, бұл мәселеге үкіметтің назарын аударған еді.

Туризм министрі Тоқаевтың сынынан кейін Алакөлге барды.

Серіктес жаңалықтары