×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Қазақстанда бір апта ішінде жұмыртқа мен пияз арзандады

13.07.2025, 16:11
Қазақстанда бір апта ішінде жұмыртқа мен пияз арзандады
Pixabay.com

Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі алғаш рет бір апта ішінде тіркелмей, кейбір өнімдер арзандады. Сауда және интеграция министрлігі баға тұрақтылығы бағытындағы бақылау мен талдаулар нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, биыл бірінші рет апта ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуі байқалмады. Керісінше, кейбір өнімдер арзандаған. Мысалы, жұмыртқа 1,2%, пияз 0,8%, сәбіз 0,6%, ал рожки мен күріш 0,1% төмендеген. Сонымен қатар, жыл басынан бері ұн бағасы 1,7% арзандаған.

Өңірлік көрсеткіштерге келсек, баға индексі Түркістан облысында 0,2%, Батыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында 0,1% төмендеген. Ал Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қостанай және Абай облыстарында баға деңгейі өзгеріссіз қалған.

1 872 ӘКІМШІЛІК ІС ҚОЗҒАЛДЫ

Бағаның негізсіз көтерілуіне жол бермеу мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлікке 15%-дық шекті сауда үстемесін асыру деректері бойынша 1 872 әкімшілік іс қозғалған.

Сонымен қатар 6 100-ден астам тауар жеткізу тізбегі талданса, оның ішінде 655 жағдайда бәсекелестік заңнамасын бұзу қаупі анықталған. Бұл мәліметтер нақты шаралар қабылдауға және бақылауды күшейтуге негіз болған.

Серіктес жаңалықтары