×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Павлодардық әйел қаланың қақ ортасында мектеп оқушысын соққыға жықты

13.07.2025, 18:10
Павлодардық әйел қаланың қақ ортасында мектеп оқушысын соққыға жықты
ашық дереккөзден

11 шілдеде Павлодардың орталығында 13 жастағы қыз соққыға жығылды. Алдын ала мәлімет бойынша, оған әйел шабуыл жасаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒАНЫҢ МӘН-ЖАЙЫ

Бұл оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Куәгерлердің айтуынша, әйел жасөспірімнің артынан келіп, шашынан ұстап, жерге құлатып, денесіне жарақат салған.

Қыз баланың жастайынан, яғни 7 жасынан бастап күрделі ем алып жүргені, үздік оқитыны, мінезі ашық екені белгілі болды.

Павлодар облысындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Сәуле Шәкенова оқиғаға қатысты түсінік берді.

ДӘЙЕКСӨЗ

– Полиция кәмелетке толмаған қыз баланың денесіне зақым келтірді деген күдікке ілінген әйелдің кім екенін анықтады. Бұл факті бойынша Қылмыстық кодекстің 109-1-бабының 2-бөлігі (“Соққыға жығу”) бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді ол.

Сондай-ақ омбудсменнің айтуынша, барлық қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалған. Қыз балаға психологиялық көмек ұсынылды.

Серіктес жаңалықтары