×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Перизат Қайрат Бауыржан Бәйбектен жауап алуды сұрады

Бүгін, 12:26
Перизат Қайрат Бауыржан Бәйбектен жауап алуды сұрады
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада Перизат Қайрат ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста прокурор айыптау актісін жария етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

СОТ ОТЫРЫСЫ

Сот отырысы барысында Перизат Қайрат пен оның анасы өздеріне тағылған айыптармен келіспейтіндерін мәлімдеді.

- Айыптау актісіндегі уәждер негізсіз. Тергеу барысындағы қиял үшін мен жауапты емеспін, – деді Перизат Қайрат сотта.

ТАҒЫ НЕ АЙТТЫ

Сондай-ақ ол сот ең алдымен қордың басқа құрылтайшыларын сұраққа тартуы керек екенін айтты.

БӘЙБЕКТІҢ НЕ ҚАТЫСЫ БАР

Сотта Перизат Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Бәйбектен жауап алуды сұрады. 

- Қордың құрылтайшысын сұраққа алудан басталса деген тілек бар, өйткені айыптау актісінің алғашқы абзацынан-ақ мені анаммен бірге қор құрды, қолдарды қолдан жасады деп айыптап отыр. Ал шын мәнінде ол қор Байбек Бауыржан басқарып тұрған партияның жанынан құрылған. Құрылтайшылардың барлығы дерлік, мені қоспағанда, бұрынғы немесе қазіргі партия қызметкерлері, дейді Перизат. 

СОТ

Еске салайық, бүгін Астанада Перизат Қайраттың соты басталды. 

Серіктес жаңалықтары