×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Сот Талғат Ермегияевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты

Бүгін, 13:58
Сот Талғат Ермегияевті мерзімінен бұрын босатудан бас тартты
Ulysmedia.kz

Аса ірі көлемде қаржы жымқырды деп айыпталып, сот шешімімен 14 жылға сотталған «Астана ЭКСПО-2017» компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевтің мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін сот қанағаттандырудан бас тартты. Істі Алатау қаласының соты қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

14 шілдеде өткен сот отырысында судья Мақсат Әмірқұлов Ермегияевтің материалдық шығынды толық көлемде өтемегені үшін мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тартты. Сотта дәл осы себеп бойынша қазір Талған Ермегияев қамауда отырған ЛА 155/12 түрмесінің әкімшілігі мен прокурор өтінішті қанағаттандырусыз қалдыруды сұрады. 

Қорғау тарапы Ермегияевтің 9 жыл 8 ай жазасын өтегенін. Іс бойынша материалдық шығын деп танылған 5, 8 миллиард теңгенің 1 миллиардқа жуығын өтегенін алға тартты.

САЯСИ АСТАР

Қорғаушы Анар Құсайнов істің саяси астары барын айтты. Оның сөзінше, Ермегияевтің мерзімінен бұрын босауға толық заңдық құқығы бар.

Ол сот шешімімен келіспейді, алдағы уақытта қарсы шағым түсірмек. 

– Біз бүгінгі сот отырысында қорғауымыздағы азаматты босатуға толықтай негіз барын дәлелдедік. Біз міндетті түрде қарсы шағым түсіреміз. Бұл заңсыз шешімге қарсы шағым түсіреміз, – деді ол.

ЕРМЕГИЯЕВ

Талғат Ермегияев – Қазақстанның бұрынғы туризм және спорт министрі (2011-2012), «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының экс-басшысы (2013-2015). 

2015 жылы маусымда Ермегияев ЭКСПО басшылығынан шеттетілді, ал 2016 жылы маусымда сот шешімімен аса ірі көлемде пара алды және мемлекеттік қаражатты аса ірі мөлшерде ұрлағаны үшін кінәлі деп таныды. Сот оның мүлкін тәркіленіп, 14 жылға бас бостандығынан айырды. 

Қорғау тарап бұл үкім күмәнді, соның ішінде психикалық ауытқулары бар негізгі куәгердің айғақтары негізінде шығарылды деп мәлімдеді. 

Ермегияевтің бұрынғы орынбасары Мұрат Омаров ULYSMEDIA-ға берген сұхбатында ЭКСПО құрылысы кезінде мердігерлерді кім және қалай анықтағанын, сондай-ақ бұрынғы Бас прокурор Қожамжаровтың қылмыстық істегі рөлін және бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жеке мүддесі мен оның екінші әйелінің ағасы Айдос Есполов туралы айтқан.

Серіктес жаңалықтары