×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Бокстан әлем чемпионын өз қаласында залдан қуып жіберген

Бүгін, 15:13
Бокстан әлем чемпионын өз қаласында залдан қуып жіберген
Ашық дереккөзден

Танымал спортшы Сабыржан Аққалықов жаттығу үшін ақша төлеуге мәжбүр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бокс бойынша жастар арасындағы әлем чемпионы, Әлем кубогы кезеңінің жеңімпазы Сабыржан Аққалықов туған жері Шахтинскіде жаттыға алмай жүр, спортшыны залдан қуып жіберген. Оның айтуынша, мәселе «Тентек» спорт кешеніне қатысты.

– Кейде бір жаттығу үшін сағатына 1000 теңге төлеймін. Қазір лимит қойылған, бізді қуып жібереді. Қазақстанның кез келген қаласына барсам, залға кіргізіп, менімен суретке түседі, құрмет көрсетеді. Ал өзімнің туған қаламда, біз жертөледен шығып, әлем мен Азия чемпиондары атанған жерде, бізге залға кіруге рұқсат жоқ. Плакаттар іліп қояды, «Біздің чемпион» дейді. Бірақ жаттығуға келгенде: «Мұнда каратэші бар, брейкдансшы бар» деп бокс залының өзінде бізге орын бермейді, – деп келтіреді ekaraganda.kz боксшының сөзін.

Қазір Сабыржан Аққалықов Шахтинскіден Қарағандыға келіп, спорт интернаты немесе Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында толыққанды жаттығу жасауға мәжбүр.

Серіктес жаңалықтары