×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

"Менің тағдырым шешілгелі жатыр" – Перизат Қайрат сотта көзіне жас алды

Бүгін, 16:37
"Менің тағдырым шешілгелі жатыр" – Перизат Қайрат сотта көзіне жас алды
Ulysmedia.kz коллажы

3,5 млрд теңгені жымқыру ісі бойынша өтіп жатқан сот процесінде айыпталушы Перизат Қайрат куәларға белсенді түрде сұрақ қойып жатыр. Кей сәттерде ол көзіне жас алғандай әсер қалдырады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Перизат Қайрат пен оның анасы Гайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша куә ретінде Сергей Матюшенко сөз сөйледі. Жас жігіт белсенді волонтер болған әрі айыпталушы құрған «Biz Birgemiz Kazakhstan» ұйымының құрылтай құжаттарында тіркелген. Бүгінгі отырыста Матюшенко құжаттардың біріне қол қоймағанын айтып, кейін тараптар арасында эмоционалды диалог өрбіді.

Диалог

– Сіз екінші хаттамаға шынымен де қол қоймағаныңызды растайсыз ба? – деп сұрады Перизат.

– Растаймын, – деді Матюшенко.

– Сіз өтірік айтып тұрған жоқсыз ба? – деді Қайрат дірілдеген дауысымен.

– Жоқ, мен өтірік айтпаймын, – деп жауап берді жас жігіт.

– Түсінесің бе, қазір менің тағдырым шешілгелі отыр, – деді айыпталушы көзіне жас алып.

– Перизат, мен екінші хаттаманы өз көзіммен көрдім, ол жерде менің қолым жоқ, – деді куәгер.

Көп ұзамай судья Қайратқа ескерту жасап, куәларды өзіне қажетті жауапқа итермелеуге болмайтынын ескертті.

Серіктес жаңалықтары