×
520.93
609.07
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
520.93
609.07
6.68

Қазақстанда алаяқтар ҰҚК қызметкерлерінің атын жамыла бастаған

Бүгін, 18:28
Қазақстанда алаяқтар ҰҚК қызметкерлерінің атын жамыла бастаған
Ашық дереккөзден

Ұлттық қауіпсіздік комитеті азаматтардың атына ҰҚК атынан әрекет ететін алаяқтардың алаяқтық деректері тіркеліп жатқанын хабарлады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алаяқтар азаматтарға қоңырау шалып, өздерін ҰҚК немесе басқа да мемлекеттік органдардың қызметкерлері ретінде таныстырып, олардың банк шоттарында «күдікті операциялар» немесе «тергеу жүріп жатқаны» туралы хабарлайды.

- Кейбір жағдайларда алаяқтар бұл әрекеттердің терроризм актісінің жолын кесу үшін қажет екенін айтып, ұлттық қауіпсіздікке төнген жалған қатерге сілтеме жасайды. Сендіру үшін олар жалған қызметтік куәліктерді (мысалы, мессенджерлер арқылы бейнеқоңырау кезінде) көрсетеді немесе ҰҚК логотипі бар қолдан жасалған құжаттарды жолдайды. Әңгіме барысында азаматтарды олардың ақшасы қауіпте екеніне сендіріп, қаржыны “қорғау” немесе “тексеру” үшін арнайы “қауіпсіз шотқа” аударуға көндіреді. Кейде алаяқтар азаматтарға жинағын “сақтап қалу үшін” несие рәсімдеуді де ұсынады, кейін бұл ақша қылмыскерлердің бақылауындағы есепшоттарға аударылады, – делінген хабарламада.

Сонымен қатар жалған ҰҚК қызметкерлері азаматтарға ақша үшін жұмысқа орналастыру, тұрмыстық және әлеуметтік мәселелерді шешу сынды көмектерін ұсынуы мүмкін.

- Осыған байланысты ҰҚК құқық қорғау және арнаулы органдардың қызметкерлері азаматтарға ешқашан терроризмнің алдын алу немесе басқа да себептермен қандай да бір есепшотқа ақша аударуды талап етпейтінін ескертеді. Мұндай қоңыраулар немесе ұсыныстар түскен жағдайда бірден полицияға хабарласу қажет, – деп мәлімдеді ҰҚК.

Серіктес жаңалықтары