×
524.24
612.94
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.24
612.94
6.68

Трамп Путинге соғысты тоқтату үшін 50 күн уақыт берді

Бүгін, 09:17
Трамп Путинге соғысты тоқтату үшін 50 күн уақыт берді
Фото: BBC

Дональд Трамп егер 50 күн ішінде Украинада бейбітшілік орнамаса, АҚШ Ресейдің экономикалық одақтастарына соққы жасайтынын ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейге Украина бойынша бейбіт келісімге келу үшін 50 күн уақыт берілгенін мәлімдеді. Егер бұл мерзім ішінде келісімге қол жеткізілмесе, Вашингтон Мәскеумен ынтымақтастық орнатқан елдерге қарсы 100 пайыз көлемінде қосымша тарифтер енгізетінін айтты. Бұл туралы Трамп 14 шілдеде Ақ үйде өткен кездесу кезінде НАТО Бас хатшысы Марк Рюттемен кездесуде мәлімдеген.

- Егер 50 күн ішінде келісімге келмесек, қосымша тарифтер болады. Олар 100 пайыз көлемінде болады, — деді ол.

Трамптың айтуынша, ол қақтығысқа әсер ету үшін экономикалық тетіктерді пайдаланбақ:

- Мен сауданы көптеген мақсат үшін қолданамын. Ол соғысты тоқтату үшін өте тиімді құрал.

АҚШ басшысы Владимир Путинді сынап, келіссөздерден нәтиже шықпай жатқанына көңілі толмайтынын жасырмады. Оның сөзінше, қазіргі таңда тек сөз болып жатқанымен, іс жүзінде «зымырандар Киевке ұшып, адамдарды өлтіріп жатыр».

- Бұл тоқтатылуы керек, — деп баса айтты Трамп.

Ол сондай-ақ бірнеше ай бұрын Кремльмен келісімге келеді деп үміттенгенін, алайда бұл жүзеге аспағанын айтты.

Трамп Patriot қорғаныс жүйелерін жеткізу тақырыбына да тоқталды. Оның айтуынша, бір мемлекет 17 кешенді беруге дайындалып жатыр, олар қақтығыс аймағына жіберіледі.

- Олар (ол ел) ол жүйелерді пайдаланбайды. Сондықтан біз осы 17 жүйенің — басым бөлігінің — қайда жіберілетінін келісетін боламыз. Олар соғыс тараптарының біріне бағытталады, — деп түсіндірді Трамп.

Оның айтуынша, бұл процесті НАТО Бас хатшысы Марк Рютте үйлестіретін болады. Трамп бірнеше ел бұл жүйелерді ауыстыру мен жеткізу схемасына қатысып жатқанын да атап өтті.

Серіктес жаңалықтары