×
524.24
612.94
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.24
612.94
6.68

"Беті бүлк етпей өтірік айтып отыр!" - Перизат Қайрат оған көлік сатқан әйелді танымады

Бүгін, 14:12
"Беті бүлк етпей өтірік айтып отыр!" - Перизат Қайрат оған көлік сатқан әйелді танымады
Ulysmedia.kz коллажы

Астанадағы сотта Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты іс қаралуда. Сот отырысында Перизат автокөлік сатқаны туралы айтқан әйелді танымады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

15 шілдеде Астанадағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотта Перизат Қайрат ісі бойынша бейнебайланыс арқылы куәгер Екатерина Юхатова жауап берді. Ол Перизаттың 2023 жылы одан көлік сатып алғанын мәлімдеді. Алайда айыпталушы бұл әйелді бірінші рет көріп тұрғанын айтты.

МӘМІЛЕ ТУРАЛЫ

Юхатова Алматыда тұрады. Көлік сату мәмілесі 2023 жылдың қарашасында жасалған, ал ол кезде Перизат Астанада болған.

– 2023 жылдың қарашасында көлікті сатуға хабарландыру жарияладым. Желтоқсанда маған Перизат хабарласты. Көлік Алматыда болған, бірақ өзі анда-санда Алматыға келіп тұратынын айтты. 11 желтоқсанда таңертең хабарласып, кездесуге келісті. Көлік тұрақта тұрған еді, – деді куәгер.

Оның айтуынша, Қайрат көлікті өз көзімен көріп, ұнатып, мәміле интернет-банкинг арқылы жүзеге асқан.

– Мен банкинг арқылы көлік сату өтінішін жолдадым. Ол өз телефонынан растады да, қаражатты уақытша шотқа салды. Шамамен бір сағат күтуге тура келді. Расталған соң, ақша маған түсті. Кейін көлікті Перизатқа тапсырдым, – деді Юхатова.

Мәміле сомасы – 30 миллион теңге болған.

"БҰЛ ӘЙЕЛДІ БІРІНШІ РЕТ КӨРІП ТҰРМЫН!"

Әйелдің айтқандарынан кейін Перизат Қайрат ашуланып кетті. 

– Мен бұл әйелді бірінші рет көріп тұрмын, барлық келіссөздер ер адаммен болған. Бұл кісі неге беті бүлк етпей өтірік айтып отыр? – деді айыпталушы. Осы сәтте сот төрағасы араласты.

– Жалған куәлік бергеніңіз үшін қолхат толтырыңыз да, оны қайтарып беріңіз, – деді судья куәгерге.

Серіктес жаңалықтары