×
524.24
612.94
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.24
612.94
6.68

Атуға дайындық: Ресей Қазақстаннан ауған киіктерді Қызыл кітаптан шығарды

Бүгін, 17:40
Атуға дайындық: Ресей Қазақстаннан ауған киіктерді Қызыл кітаптан шығарды
Фото: Ернар Алмабек/Massaget

Ресей Еділ-Орал киіктерін Қызыл кітаптан шығару туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Ресей табиғат министрлігінің мамандандырылған сараптамалық комиссиясы киіктердің аталған популяциясын Ресей Федерациясының Қызыл кітабынан шығару туралы шешім қабылдады. Бірақ Ресей аумағындағы Солтүстік-Батыс Каспий маңындағы киіктер популяциясы мемлекет қорғауда қалады.

–  Еділ-Орал киіктерін Қызыл кітаптан шығару болашақта олардың санын белгілі бір мөлшерге дейін реттеуге мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Ресейге ауған киіктер

Биыл Қазақстаннан Ресейге 1 миллионға жуық киік жер ауған. Ресейдің шекарада орналасқан бірнеше облыстарының фермерлері киіктер егін мен жайылымға зиян келтіреді деп мәлімдеді.

Бұған дейін киіктерді ату Батыс Қазақстан облысында басталған болатын. Эко-белсенділер киіктерді атуға қарсылық білдірген.

 

 

 

Серіктес жаңалықтары