Беларусь спортшысы, Польшаның «Легия» футбол клубының шабуылшысы Илья Шукрин Қазақстанға келуден бас тартты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Толығырақ
Еуропа лигасының іріктеу ойындары аясындағы қазақстандық «Ақтөбе» клубына қарсы қарымта ойынға Илья Шукрин қатыспайтын болды. Бұл жөнінде польшалық журналист Кшиштоф Марчиняк Х желісіне жазды. Оның сөзінше, Беларусь президенті Александр Лукашенко саясатын ашық сынап жүрген Шукрин Қазақстанға келсе саяси қудалау бола ма деп қауіптенеді.
– Илья Шкурин Қазақстанға "Ақтөбемен" матчқа бармайды. Бұл денсаулығына байланысты емес, саяси себептерге байланысты. Футболшы өзі сынайтын Беларусь режимі қазақстандық арнайы қызметтермен бірлесіп, оның жүріп-тұруына қиындық тудыруы мүмкін деп қорқады, – деп жазды журналист.
Бірінші ойында «Ақтөбе» клубы «Легиядан» 0:1 есебімен жеңілген. Қарымта ойын «Ақтөбе» алаңында 17 шілдеде өтеді.