×
525.87
614.37
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.87
614.37
6.72

Көптен көрінбей кеткен Амантай қажы әйел адамды бір ұрып құлатып, кетіп қалған

Бүгін, 14:00
Көптен көрінбей кеткен Амантай қажы әйел адамды бір ұрып құлатып, кетіп қалған
Видео кадры

“Невада – Семей” қозғалысының ұйымдастырушыларының бірі, қоғам белсендісі Амантай қажы Хантемірұлы әйел адамды баспалдақтан итеріп жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы Александра Колесникова атты әлеуметтік желі қолданушысы жазды. 

- Қоғамда өмір сүру қорқынышты болып барады, ұлттық киім киген, қолында асасы бар бір түсініксіз шал келіп, әйел адамға ауыр дене жарақатын салып кетуі мүмкін. Мысалы, баспалдақтан итеріп жіберіп, соның салдарынан жамбас сүйегін сындырып жіберген. Бірақ соған қарамастан, ол жасаған ісі үшін ешқандай жаза алмай, емін-еркін, жазасыз жүр. Бір сөзбен айтқанда — сұмпайы! Енді басына аса таяқпен бір ұрғанын күтуіміз керек пе?, дейді әйел адам. 

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ

Алматының полиция департаментінің мәліметінше, Алмалы аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғаған. 

- Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-іздестіру және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы басшылығының бақылауында, полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек. 

Серіктес жаңалықтары