×
535.83
624.94
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
535.83
624.94
6.69

Ақтөбеде курсант оқыс жағдайда қаза тапты

16.07.2025, 14:40
Ақтөбеде курсант оқыс жағдайда қаза тапты
Фото: Pixabay

Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақтөбеде оқу-жаттығу секірулері кезінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болды. Ресми түрде қайғылы оқиға 15 шілдеде болғаны анықталды, қазіргі уақытта тергеу жүргізілуде.

- 2025 жылғы 15 шілдеде Ақтөбе қаласында жоспарлы оқу-жаттығу парашютпен секірулері кезінде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының курсанты өмірімен сыйыспайтын жарақат алды. Алдын ала мәлімет бойынша, секіру кезінде әскери қызметшінің парашюті ашылмаған, – делінген хабарламада.

Еске салайық, былтыр Алматыда ҰҚК Шекара академиясының 19 жастағы курсанты өз-өзіне қол жұмсағаны туралы хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары