×
525.87
614.37
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.87
614.37
6.72

Бектеновпен брифинг кезіндегі видеодан Қаңтар оқиғасы туралы диалог алынып тасталған

Бүгін, 16:00
Бектеновпен брифинг кезіндегі видеодан Қаңтар оқиғасы туралы диалог алынып тасталған
Фото: primeminister.kz

Премьер-министрмен брифинг кезіндегі видеодан Қаңтар оқиғасы туралы диалог алынып тасталған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Үкіметтің баспасөз қызметі премьер-министр Олжас Бектеновпен болған брифинг кезіндегі видеодан Қаңтар оқиғасы жайлы сұрақтың кесілу себебін түсіндірді. Азаттық радиосына берген жауабында баспасөз қызметі диалогтың кесілуін техникалық ақаумен байланыстырған.

– Техникалық ақау кесірінен [кесілген]. Мамандар қазір жұмыс істеп жатыр. Кейін сілтемесін жібереміз, – деген баспасөз қызметінің өкілі Диляра Әленова.

Қаңтар туралы сұрақ және Бектеновтің жауабы

Премьер-министр Олжас Бектеновпен брифинг 15 шілдеде өткен. Сол уақытта журналист Қожахмет Кеңесбек «Қаңтар шындығы қаншалықты ашылды? Шенеунік емес, әке ретінде бүлдіршіндердің қазасын қалай қабылдадыңыз?» деп сұраған.

Олжас Бектенов оған «барлық ашылды», «мемлекет басшысының саяси жігерінің арқасында осы жағдайдан аман-есен шықтық» деген.

Кесілген видео

Брифинг видеосының дәл осы тұсы кесілгенін алғашқы болып журналист Вадим Борейко байқаған. Ол өзінің You Tube арнасында брифингтің өңделмеген нұсқасын тұтас жариялаған.

2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде ресми дерек бойынша 238 адам қаза тапқан. Кейннен бірнеше әскери қызметші «адам өлтіру» бабымен емес, «қызметін асыра пайдалану» айыбымен сотталған.

Серіктес жаңалықтары