×
525.87
614.37
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
525.87
614.37
6.72

Перизат Қайрат ісінде танымал украиналық әншінің аты аталды

Бүгін, 18:18
Перизат Қайрат ісінде танымал украиналық әншінің аты аталды

Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты іс бойынша айғақтар зерттеліп жатқанда, прокурорлар Иван Дорнның есімі көрсетілген қызықты құжатты тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Прокурор Мадина Оразалинаның айтуынша, Иван Дорнға 9 мың еуро (қазіргі бағам бойынша шамамен 5,5 миллион теңге) төленген. Алайда Астанадағы концерт өтпей қалған.

– Мұнда сондай-ақ өткізілмеген фестивальдерге дайындыққа қатысты құжаттар бар. Мысалы, мына жерде Иван Дорнның өнер көрсетуіне байланысты 9 мың еуроға жасалған шот-фактура бар. Концерт Астанадағы гольф-клубта өтуі керек болған, бірақ фестиваль өтпей қалды, ал әртіске гонорар толық төленген, – деді Оразалина.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттың шотына 200 млн теңге аударған компания өкілі куәгер болған еді. 

Сонымен қатар, күні кеше өткен сот отырысында "Асар-Уме" қоғамдық бірлестігінің президенті Асхат Нұрмашев Перизат Қайратпен қайырымдылық барысында қалай жұмыс істегені туралы айтып берген болатын. 

Серіктес жаңалықтары