Қазақстандықтар өздерін ресейліктерден не ерекшелендіретінін атап өтті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Мәскеулік Роман Агеев «қазақ орыстары» мен ресейлік орыстардың айырмашылығы бар деп есептейді. Ол бұл мәселеге қатысты Threads желісіндегі басқа қолданушылардың пікірін білгісі келген. Қазақстандықтар бұл жазбаға белсенді түрде пікір қалдырып, екі ел тұрғындарының менталитетіндегі айырмашылықтарды атап өтті. Төменде авторлардың орфографиясы мен тыныс белгілерін сақтай отырып, кейбір пікірлер келтірілген:
– Өйткені біз – Қазақпыз. Біз – төртінші жүзбіз, – деп жазды sergeymaestro.
– Мен орыспын, Қазақстанда тудым және осы жерде тұрамын. Өзімді басқа елде елестете алмаймын. Менің дастарханыма түрлі ұлт өкілдері — қазақтар, түріктер, ұйғырлар, кәрістер жиналады. Біз Құрбан айт, Пасха, Наурыз, Рождествоны бірге атап өтеміз. Біз борщ, бешбармақ, бауырсақ әзірлейміз. Біз "тэнге" демейміз, бізде жалғыз валюта – теңге. «Қал-жағдай қалай?» деген сұраққа «жақсы» деп жауап береміз. Ас ішерде «ас болсын» дейміз. Және иә, ақшаны күйеуімізден жай ғана: «Ақша берші» деп сұраймыз, – деп жазды dandelion_marina.
– Иә, біз Ресейдегі орыстардан басқамыз. 2012 жылы Мәскеуде болдым, бірақ Қазақстанға тезірек қайтқым келіп тұрды. Әуежайда қазақтарды көріп, қатты қуандым. Бізде адамдар жанашыр, мейірімді, – дейді hnatalia61.
– Біз орыстан гөрі қазақпыз. Менталитет мүлде бөлек, оны сөзбен жеткізу қиын, – деп қосты schoolofrock_03.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Ресей Қазақстаннан миллионға жуық орыс қайтып келеді деп есептеп отырғанын хабарлаған едік.