×
526.5
611.64
6.72
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.5
611.64
6.72

Атыраулық әйел мас күйде шу шығарғаны үшін рейстен қуылды

Бүгін, 19:03
Атыраулық әйел мас күйде шу шығарғаны үшін рейстен қуылды
Polisia.kz

Қоғамдық тәртіпті бұзған атыраулық әйел әуе рейсінен түсірілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жыл басынан бері көліктегі полиция департаментінің қызметкерлері әуе кемелерінде түрлі құқық бұзушылықтар жасаған 331 тұлғаны анықтап, жауапкершілікке тартты. Ең жиі кездесетін құқық бұзушылықтар қатарында — алкогольдік ішімдік ішу және қоғамдық орындарда мас күйінде жүру.

Осы бойынша 189 факт, әуе кемесінде шылым шегу – 89, ұсақ бұзақылық – 24 және тағы басқа да деректер анықталды.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Мысалы, Астана қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Астана – Атырау бағытындағы рейстен әуе кемесі командирінің актісімен 31 жастағы Атырау қаласының тұрғынын түсірді. Тексеру кезінде жолаушы мас күйде болып, ұшаққа міну барысында әуе компаниясы қызметкерлерінің талаптарын орындамағаны және агрессивті әрекет көрсеткені анықталды. Тәртіп сақшылары келген кезде азаматша полиция бөлмесіне барудан бас тартып, тіпті, бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіпті бұзуды жалғастырған.

Көлік полицейлері аталған азаматқа қатысты билік өкілдерінің заңды талаптарына бағынбау, ұсақ бұзақылық жасау, бортсеріктердің талаптарын орындамау, сондай-ақ қоғамдық орынға мас күйінде келу бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Іс бойынша материалдар сотқа жолданды. 

Серіктес жаңалықтары