Перизат Қайрат пен оның анасына қатысты сотта прокурор оның құрбысымен жазысқан хаттарын оқып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Сотта куәгер Толғанай Боралки сөз сөйледі. Прокурор оның сөзі кезінде Перизат Қайраттың телефонынан алынған хат алмасуды оқып берді. Онда диплом мәселесі қозғалған. Боралки – айыпталушының құрбысы.
– Біз Перизат Қайраттың ұялы телефонын зерттедік, 2023 жылғы 18 мамырға тиесілі хат алмасу бар. Сіз ол сізге "Қазақстанда дипломды "замутить" ететін таныстарың бар ма” деп жазғанын растай аласыз ба?» – деп сұрады прокурор Арман Кизикен.
Перизаттың құрбысы бұл ақпаратты растады.
– Менің білуімше, ол бір министрдің көмекшісі болып жұмысқа орналасқысы келді. Нақтысын білмеймін, – деді Толғанай.
Сот «замутить» сөзі нені білдіретінін нақтылады.
– Менің түсінігімше, ол сатып алуды емес, сырттай оқып, мемлекеттік қызметке орналасуды көздеген, – деді куәгер.
Әңгімеге Перизат Қайраттың өзі де араласты.
– Егер диплом туралы сөз болып жатса, мен өз дипломымды тіркеу мәселесін сұрастырған едім. Себебі менің дипломым шетелден алынған, ал Қазақстандық жоғары білімім жоқ болатын, – деді Перизат Қайрат.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Перизат Қайраттың жоғары білімі мүлде жоқ болып шыққанын хабарлаған едік.