×
532.74
617.23
6.77
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
532.74
617.23
6.77

Абай облысында сегіз жасар қызды зорлады деп айыпталған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды

Бүгін, 15:13
Абай облысында сегіз жасар қызды зорлады деп айыпталған мұғалім өмір бойына бас бостандығынан айырылды
Көрнекі сурет. Фото: Ашық дереккөзден

Сот Абай облысында сегіз жасар қызды зорлады деп айыпталған мұғалімді өмір бойына бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

– Сот үкімімен М. кінәлі деп танылып, қылмыстардың жиынтығы бойынша оған педагогикалық лауазымдарды және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеумен байланысты лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, – делінген облыстық сот таратқан ақпаратта.

Қылмыстық іс

Ақпаратқа қарағанда, сот жабық режимде өткен. М есімді күдіктіге ҚК 124-бабының 1-бөлігі «он алты жасқа толмаған адамды азғындық жолға түсіру» және 121-бабының 4-бөлігі  «жас балаға қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттерді жасау» бойынша айып тағылған.

Қылмыстық іс материалдарына сәйкес, күдікті 2024 жылдың тамызында Жарма ауданының Шар қаласында әйелінің 2016 жылы туған жиеніне қарсы қылмыс жасаған.

Күдікті өзіне тағылған айыпты толық мойындамаған. Соттан өзін ақтауды сұраған.

Сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары