×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне стадион дайын болмай шықты

Бүгін, 09:10
Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне стадион дайын болмай шықты
ашық дереккөз

Америкалық әнші Дженнифер Лопестің Алматыдағы концертіне үш апта ғана қалды. Ол мегаполистегі орталық стадионда өтеді. Алайда нысанның қазіргі жағдайын қала әкімі Дархан Сатыбалды сынға алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әкім стадионды аралап көріп, шұғыл түрде тәртіп орнатуды тапсырды. Нысанның барлығы жаңғыртуды қажет етеді.

Санитарлық аймақтар мен жаяу жүргіншілерге арналған жолдарды жаңарту керек. Стадион пайдалануға берілгеннен бері оның сыйымдылығы 35 мыңнан 23 мың көрерменге дейін қысқарған.

– Барлық кемшілікті жою керек, ал стадион халықаралық стандарттарға сай келуге тиіс, – деді қала басшысы.

КТК телеарнасының хабарлауынша, жөндеу жұмыстары алдағы күндері басталады.

Айта кетейік, стадионды күрделі жөндеуден өткізу туралы мәселе былтыр жыл соңында да көтерілген болатын. Сол кезде “Астана” мен “Челси” арасындағы даулы матч кезінде трибуналардан қар тазаланбағаны үшін стадион басшысы қызметінен босатылған.

Серіктес жаңалықтары