×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Пациенттің шабуылынан зардап шеккен хирург санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді

Бүгін, 10:17
Пациенттің шабуылынан зардап шеккен хирург санитарлық авиациямен Астанаға жеткізілді
Денсаулық сақтау министрлігі

Қостанай облыстық ауруханасының хирургі Антон Кистанов пациенттің шабуылынан зардап шегіп, санитарлық авиация бортымен шұғыл түрде Астанаға жеткізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Ол енді Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында республикалық жетекші мамандардың көмегін алады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мамандардың консилиумы нәтижесінде науқасты осы орталыққа жеткізу және онда әрі қарай интенсивті емдеу мен бақылауға алу туралы шешім қабылданған.

МИНИСТР НЕ ДЕЙДІ?

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова әлеуметтік желіде кейінгі кездері медицина қызметкерлеріне қарсы жасалған зорлық-зомбылық фактілерінің жиілеп кеткенін айтып, жедел стационарлардың, балалар және перинаталдық орталықтардың қабылдау бөлімдерінде тәулік бойы полиция посттарын ұйымдастыру туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді.

Министр сондай-ақ медицина қызметкерлеріне шабуыл жасағандар үшін жазаны күшейтуге қатысты заңнамаға өзгерістер осы жылдың қыркүйегінде Парламентке енгізілетінін еске салды. Дәрігерлердің қауіпсіздігін күшейту мақсатында медициналық мекемелерге бейнебақылау, күзет, дабыл түймелері орнатылады, ал жедел жәрдем бригадалары видеожетондармен қамтамасыз етіледі.

Еске салайық, бұған дейін урология бөлімінің хирургі Антон Кистановқа кезекте тұрған бір адам еш себепсіз агрессия танытып, дәрігерге соққы жасаған, салдарынан ол есінен танып қалған. Хирург ауыр ми жарақатымен, миға қан құйылу және бассүйек негізінің жабық сынуы диагнозымен жансақтау бөліміне жатқызылған.

Серіктес жаңалықтары