×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Жер сатылымы: Қазақстанда әкімдік бірден жеті жер телімін аукционға шығарды

Бүгін, 09:50
Жер сатылымы: Қазақстанда әкімдік бірден жеті жер телімін аукционға шығарды
Pexels.com

Орал билігі коммерциялық құрылыс салу үшін бірнеше жер телімін жекеменшікке беруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

31 шілде күні e-Qazyna.kz порталында ағылшын әдісімен аукцион өтеді.

Онда коммерциялық мақсаттағы құрылыс салу үшін жер телімдерін жалға алу құқығы саудаға шығарылады.

ӘКІМДІК ХАБАРЛАМАСЫ

– Аукционға Оралда, Зашаған және Деркөл ауылдарында орналасқан жеті жер телімі қойылады. Аукционға қатысушыларды тіркеу ақпараттық хабарлама жарияланған күннен басталып, аукцион басталуына 5 минут қалғанда аяқталады. Қатысуға өтініштер e-Qazyna.kz порталында қабылданады, – делінген әкімдік хабарламасында.

КОНТЕКСТ

Қазақстанда жеке тұрғын үй құрылысы үшін тегін 10 сотық жер алуға кезек күн сайын өсіп жатыр. Ресми мәлімет бойынша, былтыр бұл тізімде 3,9 млн адам болған, ал қазір күтіп отырғандардың саны 4 миллионнан асты.

Серіктес жаңалықтары