×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Нұрәлі Әлиев пен Тауман Назарбаев Канндағы миллионерлер кешінде көзге түсті

Бүгін, 18:00
Нұрәлі Әлиев пен Тауман Назарбаев Канндағы миллионерлер кешінде көзге түсті
Фото: Instagram.com/imnurali

Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары Каннда өткен қайырымдылық шарасына қатысты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Нұрәлі Әлиев Каннда түсірілген Тауман Назарбаевпен бірге түскен суреттерін жариялады. Тауман — Қазақстанның бұрынғы президентінің ұлы.

Еске салайық, 2023 жылдың соңында Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жеке өміріне қатысты мәліметтерді алғаш рет ресми түрде жария етіп, екінші жұбайы мен Тауман есімді ұлы туралы айтқан еді.

БАҚ мәліметінше, кешке Дариға Назарбаева да қатысқан.

ҚАНША ТҰРАДЫ?

Бұл шараға бір адамның билеті – 12-20 мың еуро, ал 12 адамдық бір үстел – 120-200 мың еуро аралығында сатылған.

КОНТЕКСТ

Knights of Charity атты гала-кеш 17 шілдеде Круа-де-Гард сарайында өтті. Бұл – жыл сайын өтетін, дәстүрге айналған шара. Биыл ол төртінші рет ұйымдастырылды.

Оған танымал жұлдыздар мен ірі бизнесмендер жиі қатысады. Биыл кеш барысында бірнеше балаларға көмек көрсететін ұйымдарға қомақты қаражат жиналды. Олардың қатарында:

  • Save the Children;
  • UNICEF Children;
  • Sarah’s Trust for Children;
  • ABF for Children;
  • DeliverFund.org;
  • Hilandar 4 Humanity: Children in Need;
  • және Жизель Бюндхен қоры бар.
Серіктес жаңалықтары