×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Ақтаудағы әуежай тұрағындағы жантүршігерлік төбелестің видеосы тарады

Бүгін, 17:20
Ақтаудағы әуежай тұрағындағы жантүршігерлік төбелестің видеосы тарады
Видеодан алынған кадр

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, төбелеске қатысқандарға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Әлеуметтік желіде Ақтау әуежайының тұрағында бірнеше ер адам бір адамды аяусыз соққыға жыққан сәт түсірілген видео тарап жатыр. Кадрларда бірнеше адамның ер адамды қолымен де, аяқпен де ұрып жатқанын көруге болады.

ПОЛИЦИЯ НЕ ДЕЙДІ?

Полиция оқиғаның 23 маусымда болғанын, алайда видеоның желіде тек бүгін жарияланғанын хабарлады, деп жазды Lada.kz.

– Төбелеске қатысқандардың бәрі анықталып, ұсталған. Үшеуіне қатысты “Бұзақылық” бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жақын күндері іс материалдары сотқа жіберілмек, – делінген полиция хабарламасында.

Еске салайық, бұған дейін Астанада түнгі клуб маңында жігітті қатыгездікпен соққыға жыққаны хабарланған болатын.

Серіктес жаңалықтары