×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

АҚШ-та жолаушылар ұшағының қозғалтқышы ұшып шыққан кезде өртенді

Бүгін, 18:56
АҚШ-та жолаушылар ұшағының қозғалтқышы ұшып шыққан кезде өртенді
Видеодан алынған кадр

АҚШ-та Boeing жолаушылар ұшағының қозғалтқышы әуеде өртеніп кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Boeing 767-400 ұшағының қозғалтқышы ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай отқа оранған. Жолаушылардың бірі ұшақ жерден көтерілмей тұрып-ақ техникалық ақаулар болғанын айтқан.

Оның сөзінше, Лос-Анджелестен ұшу кешігіп, ұшақ әдеттегіден баяу көтеріле бастаған, кейін ауада жылдамдығы төмендеп, биіктік қоспай қалған.

Ұшақ әуежайға оралып, сәтті қонған. Зардап шеккендер жоқ.

Еске салайық, бұған дейін АҚШ-тың Калифорния штатындағы Сан-Диего қаласында Cessna 550 жеңіл моторлы ұшағы әскери тұрғын үй кешенінің аумағына құлап түскені хабарланған еді.

Серіктес жаңалықтары