×
533.61
621.07
6.78
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.61
621.07
6.78

Армения полициясы Ресейге әскери дезертирді ұрлап алып кетуге мүмкіндік бермеді

Бүгін, 09:40
Армения полициясы Ресейге әскери дезертирді ұрлап алып кетуге мүмкіндік бермеді
Ресейдің Гюмри әскери базасы. Фото: Ашық дереккөзден

Ереван полициясы Ресей әскеріне армиядан қашқаны үшін іздеу жарияланған адамды ұрлап алып кетуге кедергі жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Медиазона басылымының мәліметінше, 24 жастағы Семен Субботин Ресейдің Ивонов облысының Тейков қаласындағы РВСН дивизиясында қызмет еткен. Армения полициясы Субботинді 72 сағатқа қамауға алған. Заң бойынша, осы уақыт аралығында Ресей тарапына ескертуі қажет болған. Бірақ Ереван полициясы Субботинді босатып жіберген.

«Қоғамдық үкім» ұйымының құқық қорғаушысы Асмик Новиковтың сөзінше, Субботин ИВС-тен шыққан уақытта Ресей әскерилері оны аңдып жүрген. Бірақ құқық қорғаушылар полицияға шағымданғаннан кейін полиция Субботинді «Эребуни» бөліміне алып келген.

Субботинді экстрадициялау үшін енді Ресей Арменияға арнайы сұрау салуы қажет. Оны Ресейге беру немесе бермеу мәселесін сот қарайды.

Бұған дейін Ресей Арменияға қашып барған азаматтарын бірнеше рет ұрлап алып кеткен. Олар ұрланған адамды бірінші Ресейдің Армениядағы Гюмри әскери базасына алып барған. Кейіннен шекара асырған.

Серіктес жаңалықтары