×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Абзал Құспан: Ақорда адам құқығының сақталуын қоғам атынан тексеруді бізге тапсырып отыр

22.01.2022, 11:32
Абзал Құспан: Ақорда адам құқығының сақталуын қоғам атынан тексеруді бізге тапсырып отыр
Фото: Абзал Құспанның фейсбук парақшасынан

Белгілі адвокат Абзал Құспан мемлекеттік хатшы Ерлан Қариннің қабылдауында болды. Күні кеше адвокат митингке қатысушыларға қатысты құқық қорғау органдарындағы материалдар бойынша қоғамдық комиссия құруды ұсынған еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

«Әділдік талап еткен, араша сұраған ағайын! Қазір ғана мемлекеттік хатшымыз Ерлан Қариннің қабылдауынан шығып келемін. Мемлекет басшысы құқық қорғау органдары, оның ішінде бірінші кезекте полицияға адам құқықтарын сақтау туралы қатаң тапсырма берген. Алайда жағымсыз хабарды таратушылар жағынан да, тіпті сол полицияның өзі тарапынан да жаңа тәртіпке мойынсұнғысы келмейтін арандатушылар бар сияқты. Дәл ондай арандатуға басқа-басқа қазіргі уақытта Ақорда мүдделі емес екені айдай анық қой, енді. Ендеше сол жағдайларды қоғам атынан тексеріп көруді бізге сеніп тапсырып отыр», - деп жазды Абзал Құспан.

Адвокат қазір өзі комиссия құрудың заңдылығы, өкілеттігі сияқты мәселелерді талқылауға Бас Прокуратураға бара жатқанын, бастысы оған Ақорда қарсы емес екенін жазды.

«Шыққан соң тікелей эфир жағдайында жүздесіп, жағдайды өздеріңе баяндайтын, өздеріңізбен кеңесетін боламын», - деп жазды ол.