×
529.44
617.06
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.44
617.06
6.76

Қазақстандағы киіктердің бір бөлігі Өзбекстанға көшірілуі мүмкін

Бүгін, 08:29
Қазақстандағы киіктердің бір бөлігі Өзбекстанға көшірілуі мүмкін
ЖИ / ulysmedia.kz

Өзбекстан Республикасының экология, қоршаған ортаны қорғау және климаттың өзгеруі жөніндегі министрлігі Қазақстандағы киіктердің бір бөлігін Өзбекстан аумағына көшіру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Министрлік бұл бастаманың Өзбекстанда биологиялық әртүрлілікті қалпына келтіру және сирек кездесетін жануарлар түрлерін қорғау үшін маңызды екенін атап өтті.

- Қазақстан Республикасының экология министрлігімен бірлесе отырып, 500 киікті Өзбекстанға көшіруді жоспарлап отырмыз. Мамандарымыз олардың жергілікті ортаға бейімделуін зерттейді. Бұл бұл сирек кездесетін түрді сақтау жолындағы маңызды қадамдардың бірі, – деді Өзбекстан экология министрі Азиз Абдухакимов.

КИІКТЕРДІ АТУ

Айта кетейік, 2025 жылдың шілдесінде Батыс Қазақстан облысында киіктер популяциясының санын бақылауға арналған ресми бағдарлама іске қосылды. Облыста жүздеген киікті қырып үлгерген

ҚЫТАЙҒА СЫЙЛЫҚ

Ал 17 маусымда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қытайға 1,5 мың бас киік сыйға тартты. Артынша экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев Қазақстан Қытайға сыйлаған киіктерді қалай жеткізетінін түсіндірген болатын. 

Серіктес жаңалықтары