×
529.44
617.06
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.44
617.06
6.76

Украинада коррупциямен күрес бюросының кеңселерінде тінту жүргізілді

Бүгін, 09:25
Украинада коррупциямен күрес бюросының кеңселерінде тінту жүргізілді
Фото: investigator.org.ua

Украинада коррупциямен күрес бюросының (НАБУ) кеңселерінде тінту жүргізілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Толығырақ

Украина қауіпсіздік қызметі мен Бас прокуратурасы Киевте коррупцияға қарсы ұлттық бюросының (НАБУ) орталық аппараты қызметкері «Ресейдің арнаулы қызметі мүддесіне қызмет жасады» деген күдікпен ұсталғанын хабарлады. НАБУ бұл қызметкерді бұрын Укранинаның қауіпсіздік қызметі тексергенін және оның «мемлекетке қарсы іс-әрекеттерге» қатысқанына дәлел-айғақтар таба алмағанын айтты.

Тергеу мәліметі бойынша, бұл агенттің қызметін бұрынғы президент Виктор Януковичтің күзет басшысының орынбасары болған Дмитрий Иванцов үйлестірген. Украина қауіпсіздік қызметі ол 2014 жылы Януковичке Ресейге көшуге көмектескен дейді.

Украинаның қауіпсіздік қызметінің НАБУ-ға қатысты тергеу әрекеттері «Үлкен жетілік» (G7) елдерінің елшілерін алаңдатып қойды. Олардың мәлімдемесінде Украина үкіметінің басшылығымен кездескенде осы оқиғаларды талқылауды жоспарлап отырғаны айтылған. Дипломаттар «ашықтықты, тәуелсіз институттар мен дұрыс басқаруды» қолдайтынын атап өтті.

Украинаның Коррупцияға қарсы ұлттық бюросы (НАБУ) 2015 жылы Батыстағы әріптестері мен Халықаралық валюта қорының талабы бойынша құрылған. Өзін күштік құрылымдардан тәуелсіз мекеме ретінде сипаттайтын бұл ұйым жоғары лауазымды шенеуніктерге, судьяларға, Бас прокуратура мен күш құрылымдарының, соның ішінде СБУ қызметкерлеріне қарсы операциялар жүргізумен айналысады.

Серіктес жаңалықтары