×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қаңтар оқиғалары кезінде қанша нысанға залал келгені хабарланды

22.01.2022, 13:42
Фото: Ашық дереккөзден

Қиратылған, зақым келген нысандардың ішінде мемлекеттік органдардың 45 ғимараты және 306 коммерциялық нысан бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.

Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев мәлімдеді. Министр ғимараттар 8 өңірде: Алматы және Шымкент қалаларында, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе және Шығыс Қазақстан облыстарында зардап шеккенін атап көрсетті.

Әкімдіктердің алдын ала бағалауынша, зардап шеккен ғимараттарды жөндеуге және қалпына келтіруге жұмсалатын жалпы шығын көлемі 28,8 млрд теңге. Оның ішінде ҚР Президентінің Іс Басқармасы қалпына келтіретін ҚР Президентінің Алматыдағы резиденциясын есепке алмағанда, мемлекеттік органдардың ғимараттары бойынша залал сомасы 28,7 млрд теңгені құрайды. Жалпы келген залал көлемі әлі де нақтылануда. Ол Алматы қаласындағы барлық жылжымайтын мүлік объектілерін толық зерттеп, бағалағаннан кейін түпкілікті анықталады.

Министр коммерциялық нысандарға қатысты жалпы сомасы 109,2 млн теңге болатын жөндеу қажет екенін айтты.

«Бұл санаттағы залал негізінен тауарлардың бүлінуі мен жоғалуына байланысты», - деді Қ.Өскенбаев.

Жалпы ел бойынша келген шығын ғимараттарды жөндеуге кеткен шығынмен қоса мүліктің бүлінуін де есепке алғанда 136,8 млрд теңгені құраған.

Серіктес жаңалықтары