×
529.44
617.06
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.44
617.06
6.76

Банкир қазақстандықтарға жақын арада ипотека мен несие алмауға кеңес берді

Бүгін, 19:14
Банкир қазақстандықтарға жақын арада ипотека мен несие алмауға кеңес берді
Ulysmedia.kz коллажы

Банкир Ғалым Хусаинов қазақстандықтарға жақын арада ипотека мен несие алмауға кеңес берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Digital Business мәліметінше, сарапшы өзінің ұстанымын қарапайым түрде түсіндірді: қазіргі базалық мөлшерлеме жағдайында қарызға батудан гөрі, ақша жинауға уақыт бөлген жөн. Оның пікірінше, келесі жылы да ипотека әлдеқайда «тиімді» бола қоймайды.

– Бір-екі жыл күте тұрған дұрыс. Базалық мөлшерлеме төмендеген кезде барып ипотека алған жөн. Ал әзірге ақша жинаған тиімді, өйткені мұндай мөлшерлеме жағдайында теңгедегі активтердің табыстылығы тұрғын үй бағасының өсуінен жоғары болады, – дейді ол.

Сарапшының айтуынша, бірқатар ипотекалық бағдарламалардың уақытша тоқтатылуы, жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесіне қатысты белгісіз және реттеуші шешімдерінің күзге ысырылуы ескерілсе, мұндай тәсіл көптеген қазақстандық үшін ең ұтымды стратегия болуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары