×
529.44
617.06
6.76
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
529.44
617.06
6.76

ЕҚЫҰ Қаңтар оқиғасына қатысты сот процестері туралы есебін жариялады

Бүгін, 18:50
ЕҚЫҰ Қаңтар оқиғасына қатысты сот процестері туралы есебін жариялады
Фото: Ашық дереккөзден

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы  2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты сот процестері туралы есебін жариялады,  деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы өз есебінде Қаңтар оқиғасында «Әуежайды басып алу ісі» бойынша 4 жылға сотталған журналист, белсенді Әйгерім Тілеужан ісінде заң бұзу болғанын мәлімдеді.

«Әйгерім Тілеужан ісі бойынша 2023 жылғы 30 наурызда өткен тыңдауда судья тараптарға қысым жасап, құрметсіздік танытты. Ал 2023 жылғы 10 қарашадағы тыңдауда сот үкімді орыс тілін түсінбейтіндерге аударып беруді қамтамасыз етпеді», — делінген есепте.

ЕҚЫҰ есебінде 2022 жылғы Қаңтар оқиғасына қатысты Алматы, Қызылорда, Семей, Талдықорған және Таразда қозғалған 35 қылмыстық іс жайлы жазған. Сот процестерін бақылау 2022 жылғы 1 қарашадан 2023 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізілген.

ЕҚЫҰ Қаңтар оқиғасына қатысты соттар халықаралық әділ сот стандартына, тіпті Қазақстандағы заң талаптарына сәйкес жүргізілмегенін жазған. Есепте айыптау мен қорғау тараптың теңсіздігі, Қаңтар оқиғасынан кейінгі азаптау да жазылған.

Серіктес жаңалықтары