×
531.96
622.45
6.79
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
531.96
622.45
6.79

Блогер Перизат Қайраттың анасын түрмеге қамауға қарсы шықты

Бүгін, 11:14
Блогер Перизат Қайраттың анасын түрмеге қамауға қарсы шықты
Ulysmedia.kz коллажы

Астанада Перизат Қайрат пен оның анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты атышулы іс бойынша тараптардың жарыссөзі жалғасуда. Сотта жәбірленушілер мен олардың өкілдері соңғы сөзін айтты. Олардың бірі Ғайни Алашбаеваға аяушылық танытуға шақырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Жәбірленушілер мен олардың өкілдері соттағы соңғы сөзінде айыпталушыларға әділ жаза тағайындауды сұрады. Сондай-ақ олар Перизаттың қорына құйылған қаражатты қайтаруды талап етті, әрқайсысы онда ондаған мыңнан бастап жүздеген миллион теңгеге дейін салған. Бұл қаржы су тасқынынан зардап шеккендерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған орталық құрылысына және Газа тұрғындарына көмек көрсетуге бағытталуы тиіс болатын.

АНАСЫ ТУРАЛЫ

Сотта блогер Олжас Садық сөз сөйлеп, Перизаттың қорына 80 миллион теңгеден астам қаржы тапсырғанын айтты. Ол әйелге қатысты қатаң жаза қолдануды сұрап, ал анасы Ғайни Алашбаеваға қатысты жазаны жұмсартуды ұсынды.

– Менде ол кісіні аяу сезімі басым. Денсаулығы да сыр бергенін білемін. Өз пікірімді білдіре отырып, оны үй қамақта қалдыруды ұсынамын, – деді жас жігіт.

БЛОГЕР ТУРАЛЫ

Олжас Садық Газадағы тұрғындарға көмекті Перизат арқылы жеткізбек болған. Ол әлеуметтік желілер арқылы бейжай қарамайтын қазақстандықтардан 83,5 млн теңге жинаған. Алғашында блогер бұл көмекті ЮНИСЕФ арқылы жолдамақ болған. Алайда Перизаттың өзі байланысқа шығып, өзінің қоры туралы айтқан. Кейін екеуі бірге Абу-Дабиге ұшқан. Барлық шығынды, соның ішінде жол мен тамақтану шығынын Перизаттың өзі көтерген. Алайда бұл қысқа сапардан кейін ол Қазақстанға оралған соң, блогермен байланысқа шықпай қойған.

Серіктес жаңалықтары