24 жастағы Қазақстан тумасына Ресей азаматтығы ресми түрде табысталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Паспорт табыстау рәсімі Солтүстік Осетия - Алания Республикасының ІІМ көші-қон мәселелері жөніндегі басқармасында өтті. Бұл туралы Ресей ІІМ өкілі Ирина Волк хабарлады.
– Қазақстан Республикасында туған азамат біздің елдің дәстүрлі құндылықтарын бөлісе отырып, Ресей мүддесін қорғаумен өмірін байланыстыру туралы ерікті шешім қабылдап, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасты. Әскери борышын өтеу барысында ұрыста ауыр жарақат алды, – деді Волк.
ТІЗІМ
Айта кетейік, украиналық “Хочу жить” ақпараттық жобасы 661 Қазақстан азаматының Ресей қарулы күштері қатарында Украина аумағындағы соғысқа қатысқан болуы мүмкін деген тізімді жариялады. 2024 жылдың соңына қарай олардың кемінде 78-і қаза тапқаны хабарланған.