Бұл туралы Бас прокуратураның 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов мәлім етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz порталы.
«Жедел тергеу топтары 819 қылмыстық істі тергеп жатыр. Оның ішінде 45-і терроризм актілерімен, 36-ы жаппай тәртіпсіздікпен, 15-і адам өлтіру деректерімен байланысты. Сонымен қатар ұрлық, тонау, қаруды жымқыру, билік өкілдеріне қарсы күш қолдану фактілері бойынша қылмыстық істер тергелуде», - деді ол орталық коммуникациялар алаңында өткен баспасөз мәслихатында.
Осы істер бойынша 970 күдікті қамауға алынған. 182-і күзетпен ұстауға алынса, 29-ы үйқамақта. 464 адам – терроризм және жаппай тәртіпсіздік бойынша ұсталып отыр.