×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

"Елде демалыс көп, ол экономикаға әсер етеді" - Көшербаев

24.07.2025, 12:43
"Елде демалыс көп, ол экономикаға әсер етеді" - Көшербаев
Ашық дереккөзден

Үкіметтегі баспасөз конференциясы барысында вице-премьер Ермек Көшербаев мерекелік күндерге байланысты қосымша демалыстардың Қазақстанның экономикалық дамуына әсері бар ма деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Көшербаев Қазақстанда көптеген мерекелер атап өтілетінін, сол себепті қазақстандықтарға қосымша демалыс күндері берілетінін айтты.

- Әрине, әсер етеді. Біздің елімізде мерекелерге байланысты демалыс күндерінің саны басқа мемлекеттермен, әсіресе экономикалық даму деңгейі жоғары елдермен салыстырғанда көп. Бұл, әрине, әсерін тигізеді. Менің ойымша, үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорындар қандай жағдай болса да жұмыс істей береді. Әрине, бұл мерекелерде кәсіпорындардың әкімшілігі заңнамаға сәйкес жалақы төлеуі керек. 1 маусымға қатысты мәселе бірнеше рет талқыланды. Ұсыныстар өте көп түсіп жатыр. Мысалы, энергетиктер бұл күнді энергетиктер күні ретінде белгілеуді ұсынып отыр, – деді ол.

Серіктес жаңалықтары