×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

Биыл мектепте алғашқы қоңырау өтетін күн өзгерді

24.07.2025, 13:32
Биыл мектепте алғашқы қоңырау өтетін күн өзгерді
Ulysmedia.kz коллажы

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, биыл 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келеді. Сондықтан дәстүрлі салтанатты жиындар дүйсенбіге – 2 қыркүйекке ауыстырылады. Алайда бұл өзгеріс барлық мектепке қатысты емес, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

– Ресми түрде барлық іс-шара 2 қыркүйекте өтуі тиіс, себебі бұл жұмыс күні. Біз мұндай жағдай бұрын да болғанын қарадық, 1 қыркүйек жексенбіге түскен кезде әрдайым салтанатты жиын 2 қыркүйекке ауыстырылып келген, – деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар кейбір мектептер қаласа, жиынды жексенбі күні де өткізе алады. Оқу-ағарту министрлігі оған тыйым салмайды.

– 1 қыркүйекте, әсіресе бірінші сынып оқушылары үшін жиынды өткізуге кейбір мектептерге педкеңес шешімі арқылы мүмкіндік беретін боламыз, – деп нақтылады министр.

Серіктес жаңалықтары