×
541.93
636.71
6.83
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.93
636.71
6.83

Олигархтардан тәркіленген қымбат бұйымдар сатылымға қойылды

24.07.2025, 17:33
Олигархтардан тәркіленген қымбат бұйымдар сатылымға қойылды
Ulysmedia.kz коллажы, көрнекі сурет

E-Qazyna порталында 15 тамызға аукцион жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

АУКЦИОН

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» ЖШС E-Qazyna веб-платформасында бағаны көтеру әдісімен электрондық сауда өткізілетінін хабарлады. Аукцион 2025 жылғы 15 тамызда сағат 10:00-де өтеді.

ҚАНДАЙ БҰЙЫМДАР САТЫЛАДЫ

Саудаға қойылған лоттар:

  • Әшекей бұйымдар (бижутерия) – 15 дана, бастапқы бағасы – 139 100 теңге;
  • Сувенирлік монеталар мен қаламдар – 32 дана, бастапқы бағасы – 8 640 728 теңге;
  • Былғары белдік пен қару түрлері – 26 дана, бастапқы бағасы – 6 118 847 теңге.

Активтердің жалпы бастапқы құны – 14 898 675 теңге.

АУКЦИОНҒА ҚАЛАЙ ҚАТЫСУҒА БОЛАДЫ

Аукционға қатысу үшін E-Qazyna платформасында тіркеліп, кепілдік жарнаны енгізу және өтінімді белгіленген мерзімде тапсыру қажет.

Серіктес жаңалықтары