×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Сырттай қамауға алынған Юрий Дудьке қандай айып тағылды

25.07.2025, 08:40
Сырттай қамауға алынған Юрий Дудьке қандай айып тағылды
Видео кадры

Блогер Юрий Дудьке мемлекетке опасыздық жасады деген бап бойынша тергеу басталуы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Дудьтің әрекеттерінде Ресей Қылмыстық кодексінің 275-бабында (мемлекетке опасыздық жасау) көрсетілген қылмыс белгілері бар-жоғы тексерілуі мүмкін.

Бұған дейін Мәскеудің Басман соты блогерді сырттай екі айға қамауға алу туралы шешім шығарғаны хабарланған. Бұл бұлтартпау шарасының мерзімі Юрий Дудь Ресейге экстрадицияланған немесе депортацияланған жағдайда, не болмаса РФ аумағында ұсталған сәттен бастап есептелмек.

АЙЫП НЕ ТУРАЛЫ

Оған Ресей заңнамасында белгіленген талапты — шетел агенттері тізіліміне енгізу үшін қажетті құжаттарды уәкілетті органға тапсырмағаны үшін сырттай айып тағылған. Тергеу мәліметінше, Дудь Ресейдің әскери және әскери-техникалық қызметі саласындағы ақпаратты мақсатты түрде жинап, бұл мәліметтер шетелдік көздерге түскен жағдайда ел қауіпсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін болған.

Бұл әрекеті үшін оған Қылмыстық кодекстің 330.1-бабының 3-бөлігі бойынша айып тағылған. Бұл бап бойынша ең ауыр жаза 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.

ТАСС мәліметінше, мемлекетке опасыздық жасау бабы бойынша жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін көзделген.

Серіктес жаңалықтары