×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Ресей шектеуінен кейін тоқтаған Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау қайта жанданды

25.07.2025, 10:15
Ресей шектеуінен кейін тоқтаған Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау қайта жанданды
Фото: РИА Новости

Ресей шектеуінен кейін тоқтаған Қазақстан мұнайын Қара теңіз арқылы экспорттау қайта жанданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Reuters агенттігінің хабарлауынша, Ресейдің федералды қауіпсіздік қызметі шетел кемелеріне Қара теңіздегі порттарына кіруге рұқсат бере бастаған. Осыдан кейін бір күндік үзілістен кейін Қазақстан мұнайын экспорттау қайта жанданған.

Агенттіктің жазуынша, уақытша үзіліс әлемдік мұнай тасымалын 2 пайызға қысқартып, мұнай бағасына да әсер еткен. Бейсенбі күні мұнайдың баррелі шамамен 70 долларға дейін қымбаттаған. Бірақ кейін қайта түскен.

РЕСЕЙ ЕНГІЗГЕН ШЕКТЕУ

Бұған дейін Ресей енгізген жаңа ережелерге байланысты Қазақстан мұнайын Қара теңіздегі Новороссиск және Оңтүстік Озереевка порттары арқылы экспорттау уақытша тоқтағаны туралы ақпарат тараған. 21 шілдеде президент Владимир Путин қол қойған шетел кемелерін Ресей порттарына кіру үшін ФСБ-дан рұқсат алуды міндеттейтін заң күшіне енген.

24 шілдеде Қазақстан сыртқы істер министрлігі Қара теңіз арқылы мұнай экспорты тоқтамағанын мәлімдеген.

ДРОН ШАБУЫЛЫ

Бұған дейін Қазақстан мұнайының басым көпшілігін экспортталатын Каспий құбыр консорциумына дрон шабуылы күшейіп, мұнай тасымалдау қиындаған. Биыл ақпанда «Кропоткинская» мұнай айдау станциясына дрон түсіп, салдарынан мұнай айдау құрылғысы бұзылған. Оны жөндеуге бірнеше ай кеткен. Дрон шабуылын Украина мойнына алған. КҚК сол шабуыл кесірінен 18 млрд теңгедей шығын келді деп мәлімдеп, халықаралық сотқа жүгінетінін айтқан.

Серіктес жаңалықтары