×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Қазақстанда жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылды

Бүгін, 11:30
Қазақстанда жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылды

Қазақстанда жоғалған әскери тікұшақтың бөлшектері табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің акваториясынан әуе кемесінің бөлшектерін тапты.

РЕСМИ ПІКІР

– ТЖМ-нің командалық орталығындағы жедел штаб жүргізген ғарыштық мониторинг барысында Алматы облысындағы Сорбұлақ көлінің су бетінде майға ұқсас дақ анықталды. Құтқарушылар тобы бірден аталған аймаққа жөнелтілді. Іздеу жұмыстары түнгі уақытта да жалғасты. Тексеру нәтижесінде бұл жерден Қазақстанның әуе қорғаныс күштеріне тиесілі болуы мүмкін тікұшақтың бөлшектері табылды, – делінген министрлік хабарламасында.

Оқиға орнында ТЖМ құтқарушылары жұмыс істеп, арнайы жабдықтар: эхолоттар, дрондар мен суасты аппараттары пайдаланылып жатыр.

Іздеу-құтқару операциясына 200-ге жуық адам, 40 техника, 15 жүзу құралы, төрт итпен із кесу тобы және ТЖМ-нің екі әуе кемесі жұмылдырылған.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Еске салайық, Қорғаныс министрлігіне қарасты әскери тікұшақ 25 шілде күні үш экипаж мүшесімен бірге жоғалып кеткен еді. Луговойдан ұшып шыққан әуе кемесімен байланыс Отар маңында үзілген.

Серіктес жаңалықтары