×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Еуропаның ірі әуе компаниясы Қазақстан нарығынан кетіп жатыр: себебі не

Бүгін, 13:15
Еуропаның ірі әуе компаниясы Қазақстан нарығынан кетіп жатыр: себебі не
Pixabay.com

Lufthansa, әзірге уақытша болса да, Қазақстаннан кететінін мәлімдеді. Әуе компаниясы елімізге рейстерді тоқтататпақшы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Lufthansa әуе компаниясы 2025 жылғы 26 қазаннан бастап 2026 жылғы 29 наурызға дейін Қазақстанға рейстерін тоқтататынын хабарлады. ҚР Көлік министрлігі бұл шешім үш негізгі факторға байланысты қабылданғанын растады.

СЕБЕПТЕРІ

  • Ресей әуе кеңістігін айналып ұшу әскери қақтығыстарға байланысты шығындарды арттырып отыр;
  • Әуе кемелерінің жетіспеушілігі және жаңа ұшақтар мен қосалқы бөлшектердің кешіктіріліп жеткізілуі;
  • Көптеген әуе компаниясында байқалатын маусымдық жолаушылар санының азаюы.

АНЫҚТАМА

Deutsche Lufthansa AG, кеңінен танымал Lufthansa атауымен белгілі — Германияның ұлттық әуе тасымалдаушысы және Еуропадағы ең ірі әуе концерн. Оның құрамына Swiss International Air Lines, Austrian Airlines сияқты ірі әуе компаниялары кіреді.

Lufthansa әлем бойынша 78 елдегі 200-ден астам бағытқа тұрақты және чартерлік рейстер орындайды.

Серіктес жаңалықтары