×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

42 градус ыстық және нөсер жаңбыр: жексенбіде ауа райы қандай болады

Бүгін, 19:00
42 градус ыстық және нөсер жаңбыр: жексенбіде ауа райы қандай болады
Pixabay.com

2025 жылғы 27 шілде, жексенбі күні Қазақстанда қолайсыз ауа райы күтілуде: найзағайлы нөсер жауын, кей жерлерде бұршақ пен дауыл, аптап ыстық болады. Кей өңірлерде ауа температурасы +42°C-қа дейін жетуі мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

“Қазгидромет” мәліметінше, еліміздің оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал солтүстік-батыс циклоны мен оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашын мен найзағай алып келеді.

– Солтүстік-батыс, солтүстік және орталық аймақтарда нөсер жаңбыр жауады. Кей аудандарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен орталықта шаңды дауыл соғады. Солтүстікте түнде және таңертең тұман түседі, – делінген синоптиктер болжамында.

ЫСТЫҚ:

  • Жетісу, Абай, Жамбыл, Алматы, Шығыс Қазақстан облыстарында +35…+39°C;
  • Павлодар мен Қарағанды облысының оңтүстігінде +35…+36°C.

АПТАП ЫСТЫҚ:

  •  Жетісу облысының солтүстік-батысы мен орталығы, Абай облысының оңтүстігі, Алматы облысының батысы мен солтүстігі, ШҚО-ның оңтүстігінде +41…+42°C.

ЖОҒАРЫ ӨРТ ҚАУПІ:

  • ШҚО, Абай, Қостанай (батысы мен шығысы), Ақмола (орталығы), Павлодар (батысы, шығысы, оңтүстігі), Атырау (батысы мен оңтүстігі), Маңғыстау (оңтүстік-шығысы).

ТӨТЕНШЕ ӨРТ ҚАУПІ:

  • Қызылорда, Түркістан, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Жетісу облыстары;
  • Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысы;
  • Ұлытау, Атырау (шығысы мен орталығы);
  • Маңғыстау (солтүстігі, батысы, оңтүстігі);
  • Қостанайдың оңтүстігі;
  •  Абай (солтүстік-батысы, оңтүстігі, орталығы);
  • ШҚО-ның оңтүстігі.
Серіктес жаңалықтары