Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мамандары Сырдария өзенінен суды заңсыз тартқан тоғыз тіркелмеген сорғы қондырғысын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігіне сілтеме жасап.
МӘН-ЖАЙ
Анықталған заңбұзушылықтар бойынша тоғыз әкімшілік іс қозғалып, құқық бұзушыларға шамамен 1,7 млн теңге көлемінде айыппұл салынған.
Жалпы, жыл басынан бері арнайы су пайдалануға рұқсатсыз су қолданған 62 адам анықталған. Олардан өндірілген айыппұлдың жалпы сомасы 12,7 млн теңгеден асты.
Сонымен қатар Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы су ресурстарын дұрыс пайдаланбаудың тағы бір дерегін тіркеді. Атап айтқанда, негізгі су құбырынан ағып жатқан судың және су есептеу құралындағы ақаудың бары анықталған. Су пайдаланушыға айыппұл салынып, анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.