×
544.87
639.02
6.88
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
544.87
639.02
6.88

Алматыда тағы бір көшенің учаскелері біраз уақытқа жабылады

Бүгін, 15:54
Алматыда тағы бір көшенің учаскелері біраз уақытқа жабылады
ашық дереккөз

Алматыда Бөгенбай батыр көшесінің учаскелеріне орташа жөндеу жүргізуге байланысты қозғалысқа уақытша шектеулер енгізіледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

1-УЧАСКЕ

27 шілдеде 23:00-ден 28 шілдеде 6:00-ге дейін Бегалин көшесінен Достық даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

2-УЧАСКЕ:

28 шілдеде 23:00-ден 29 шілдеде 6:00-ге дейін Достық даңғылынан Назарбаев даңғылына дейінгі учаскеде қозғалыс жабылады.

Жөндеу жүргізілетін учаскеде ескерту белгілері мен мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген тақта орнатылады.

– Маршрутыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз, – делінген әкімдік хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары